Шойгу тұтқындалғалы жатыр

Oinet.kz 11-03-2022 2822

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жақын күндері мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұсталып, сотталуы мүмкін. Мұндай мәліметті АҚШ-қа сілтеме жасаған Украина ақпарат құралдары таратып отыр. 

Screenshot_1.jpg

Темір торға қамалып, соры қайнатындай Шойгу не бүлдіріп қойды? Путин Қорғаныс министрі алдағы аптада мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті басып алады деп күдіктенетін көрінеді. Мұндай мәліметті алғаш рет АҚШ журналисті Джеймс Пасилио  жариялап, оны АҚШ  билігіндегі лауазымды шенеуніктерден естігенін айтқан.  

-АҚШ-тың ресми азаматтары Путин келесі аптада Сергей Шойгу мемлекеттік төңкеріс жасайды деп күдіктенеді. Қазір оның орнын ауыстыратын адам іздестіріліп жатыр. Шойгуды сыбайлас жемқорлық және мемлекеттің төңкеріс жасамақ болды деген айып бойынша сотталуы мүмкін,-деп жазған журналист. 

Сергей Шойгу Ресейдің Қорғаныс министрі қызметін 2012 жылдан бергі аралықта атқарады. Оған дейін Мәскеу облысының губернаторы, Төтенше жағдайлар министрі болып істеген. 

Бас Прокуратура Тасмағамбетовты жемқорлық бойынша тексеріп жатыр - БАҚ
Пробация қайта қылмыс жасаудың алдын алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу