«Қазақстаннан жаңа үш облыс құрудың қажеті жоқ еді»

Oinet.kz 16-03-2022 9091

Screenshot_2.jpg

Назарбаев 30 жыл отырып, бір облысты ойлана-ойлана әзер құрып еді. Тоқаев үш айда үш облысты құра салды ғой! Меніңше, Ұлытау, Жетісу мен Абай облыстарының аса қажеті жоқ еді. Гүлдендірем десе, Семейге "Алаш астанасы", Жезқазғанға - индустриялық орталық деген статус берсе болды ғой. Енді Семей мен Жезқазғанды халықпен қалай толтырады? Екі қалада зауыт-фабрикалар ашылса, халық былайша-ақ ағылады ғой! Қапшағай сол күйі қалуы керек еді. Тіпті, "ашпасақ болмайды" деген күннің өзінде Жетісу облысының орталығы етіп шекаралас - Жаркентті жариялауы керек еді! Енді Талдықорған баяғыдағыдай, қайтадан депрессивті қалаға айналады. 

Жалпы, Түркістан облысын ашу да үлкен қателік еді.  ОҚО-ны екі облысқа бөлгенде орталығын Сарыағаш ету керек еді. Сарыағаш - тоғыз жолдың торабы, шекараға жақын және Жетісай, Шардара, Мақтааралға да жақын орналасқан. Түркістан сол күйі қалса да ешкім ренжімес еді.  

Ақыры, облыс ашқыш екенбіз, солтүстіктегі СҚО, Қостанай, Павлодар, ШҚО облыстарының орталығы етіп, маңындағы бір шағын қаланы жариялау керек еді. Оңтүстіктің халқы жаппай көшіп барып, өңірлерде жаңа импульс пайда болар еді. Енді не болды? Семейліктер сонша қуанғанымен, сепаратистік көңіл күйдегі Өскемен қайда қалады? Қаланың қазақтары Семейге көшіп, ұлтаралық баланс тағы да ауытқып шықпай ма?!

Бұл шешімдерді түгелдей стратегиялық қателік деп есептеймін. 

Ал енді сансыз шенеунік армиясын көбейткеннен бірдеңе шықса, оны да көрейік!

Тоқтар Жақаштың Facebook парақшасынан

Танымал әнші: Араб жігіті ұсыныс білдірсе оған тұрмысқа шығам
«Жолдаудың жеті кемшілігі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу