«Күмәндарың болмасын»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне ақыл айтты

Oinet.kz 01-04-2022 3128

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қалай бақытты отбасы болудың құпиясын айтты. Оның айтуынша, жаңа түскен келін бәріне шыдамдылық пен сабырлық таныту керек. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Screenshot_2.jpg

"Толық қанды отбасы болу, әрбір отбасы үшін ең қиын бұралаң жолдармен келетін толлассыз бақыт. Отқа түссе жанбайтын, суға салса батпайтын, өз жанұясының ұрпағының мәңгілік бақыты үшін тіптен өз бақытын құрбан санауға да баратын әйел аналар түбінде бүкіл әулетке қадірі артқан ана болатынына күмәндарыңыз болмасын. Келіндеріме де барша ана атаулыға тілейтінім: сабырмен, еңбекпен, ақылмен келетін ана бақыты. Жұптарыңыз ажырамай, ер азаматтарыңыздың қолынан мықтап ұстап, ешкімге бермей, ешкімге ұстатпай абыроймен бірге қартаюларыңызды жазсын Алла!" - деп жазды продюсер.

«Бір-бірімізді жақтырмадық»: Заңғар Нұртас келіншегімен қалай танысқанын айтып берді (фото, видео)
Бағдаршаммен атысып жүрген Рамзан Қадыровтың әскері елді күлдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу