Ахметбек Нұрсила Нұрлан Қоянбаевты шегірткеге теңеді

Oinet.kz 19-04-2022 2181

Танымал коучер Ахметбек Нұрсила жаңа қызметке тағайындалған Нұрлан Қоянбаевты шегірткеге теңеді. "Шегірткелер билікке келсе егіннің жұты ғой" деп пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Нұрлан Қоянбаев қаңтар оқиғасында ләм- мим деп аузын ашпады, азапталып жатқан қазақтың бейкүнә азаматтарына араша сұрамады. Ал Қайрат Боранбаевқа араша сұрап хат жазады. Дикий Арманмен суретке түсіп, оны жариялайды. Осындай азаматтар еліміздің ақпаратының тізгінінің бірін ұстаса елге не жақсылық әкеледі? 

Нұрланның фанаттары: "Көре алмайсыз, қызғанасыз" деген айыптаулар жазып жатыр.. 

Ол менің бәсекелесім емес, маған жасаған жаманшылығы жоқ. Бірақ елдің тізгінін ұстайтын азаматтардың ары таза, принципшіл болғанын қалаймын және талап етемін", - деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Орны бөлек орталық
Ахметбек Нұрсила Роза Рымбаеваларды шегірткеге теңеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу