Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына бір миллион теңге табысталды

Oinet.kz 16-05-2022 1577

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттың терезесінен құлаған баланы аман алып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына қызылордалық кәсіпкер бір миллион теңге табыс етті, деп хабарлайды BaigeNews.kz басылымы.

Screenshot_9.jpgСәбит Шонтақбаев – Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылынан. Қазір ер адамның ата-анасы осында тұрады. Қазір Сәбиттің қарт әке-шешесін ағасы бағып отыр. 

"Үйімізге күнде қонақтар келеді. Осындай ұл тәрбиелеп өсіргенімізге ауылдастарымыз ризашылығын білдіруде. Әке ретінде мен бақыттымын. Ең бастысы бала да, Сәбит те аман қалды. Видеоны көзіме жас алмай қарай алмадым” – деп мойындайды әкесі Серік Шонтақбаев.

Сәбиттің ата-анасына белгілі ақын Мұхтар Ниязов бастаған облыс белсенділері келді. Олар ер адамның туыстарына алғыс айтып, миллион теңге көлеміндегі ақша салынған конвертті табыс етті.

Еске салсақ, Сәбит Шонтақбаев 11 мамыр күні досы Сағи Жылқышиевпен бірге сегізінші қабаттың балконында ілініп тұрған үш жасар қызды құтқарды. Осыдан соң отандық құрылыс компаниясы Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Тест: Жассың ба, кәрісің бе?
4%-пен көлікті қалай алуға болатыны нақтыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу