4%-пен көлікті қалай алуға болатыны нақтыланды

Oinet.kz 16-05-2022 1357

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысқысы келетін қазақстандықтарды автосалондарда кезекке байланысты алаяқтық болмайды деп айтты. 

Screenshot_10.jpg

"Кезекте алаяқтық болмайды. Әрбір автосалон алдын ала сатып алу-сату шарты бойынша немесе автосалонда брондаған азаматтардың тізімі және қандай жиынтықтамасы бар соған қарайды. Бүкіл процесс түсінікті болу үшін алдымен азамат автосалонға келіп, менеджерге дәл осы көлікті қалайтынын айтып, растауы керек, – деді ол.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жыл ішінде бір-ақ рет беріледі. Сонымен қатар бағдарламаның биылғы ерекшелігі көлік алу үшін VIN-код арқылы кезекке тұру көзделген. 

"Алдымен көлік алушы автосалонға барып ала алады. Егер қолда болмаған жағдайда автосалонда электрондық кезекке тұрады. Кезегі келгенде барып қана екінші деңгейлі банкке барып несие алады", – дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті. 

Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына бір миллион теңге табысталды
Қазақстанда 4%-пен несиеге берілетін көліктер қанша тұратыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу