Марат Достаев: Бұл жауапсыз махаббат

Oinet.kz 27-05-2022

Отандық танымал әзілкеш Марат Достаев жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, не себепті әлі үйленбегенін айтты. Өнер иесі кезінде атақты қазақстандық актрисаға ғашық болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Марат Достаев өзінің жауапсыз махаббаты туралы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтып берді. Сөзінше, аталмыш актриса оның ғашық екенін білмеген.

"Мен бір актрисаға ғашық болдым. Ол танымал актриса. Бірақ өзі де білмейді. Сыртынан ғашық болдым. Достарым ғана білетін. Тағы бір-екі әнші қыздар ұнады. Ғашық емеспін. Жай ғана ұнады. Мен шоу-бизнес өкілдерінің өмірінің қандай екенін білемін. Сондықтан олармен бас қосқым келмейді. Сол үшін сыртынан ғашық болып жүре беремін. Бұл жауапсыз махаббат. Ал кездескен, жүрген, танысқан қыздар көп. Біреуінің талғамы, біреуінің талабы, біреуінің әзілге көзқарасы ұнамады. Солай өз адамымды кездестірмедім. Әйтпесе, жағдайға қарап тұрған жоқпын. Біреуі ақшаңа қарайды, біреуі әзіліңді түсінбейді, біреуі адам тұншығардай әтір сеуіп алады. Сосын көңілден шықпайды", – деді әзілкеш. 

"63 жаста зейнетке шығып, 66 жаста өледі"
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×