«Оңтүстікте 70 пайыз қыздар зорланып жүре береді»: Туған анасы қызын зорлыққа итермелеген

Oinet.kz 31-05-2022 5550

Туған анасы зорлыққа итермелеген қыз шешесінен  бас тартты. Түркістан облысының тұрғыны Зағипа Сапарханды өгей әкесінің баласы зорлап, салдарынан мүгедек баланы өмірге әкелген көрінеді. 

Screenshot_6.jpg

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бағдарлама барысында анасының қарауынсыз болған қыз өгей әкенің ұлына зорланғанын айтты. 

- Мен зорландым. Ол кезде мен 16 жастамын. Зорлаған жігіт 24-25 шамасында. Анам көріп, білсе де ештеңе демеді. Екі айдан соң жүкті екенімді білгеннен кейін, мені танымайтын көзі қыли жігітке тұрмысқа берді. Басқа біреуден жүкті екенімді білсе де маған үйленді. Кейін енем білген соң, ажырасып кеттім. Күйеуіме жасырмай айттым, - дейді 16 жасында жыныстық жәбір көрген қыз. 

- Оңтүстіктің қызымын. Бізде 70 пайыз қызды осылай сыйламайды. Өмірлері осылай, зорланып жүре береді, - деген сұмдық жайттың бетін ашып айтты журналистке Меруерт Әйтенова. 

Зағипа бұдан соң да қойшы еркектің зорлап кеткенін айтты. Бірақ, анасы оны өзің шақырғансың, жеңіл жүрісті қызсың деп балағаттаған. 

- Анам өзінен де үлкен инвалид ер адамға тұрмысқа беретінін айтты. Мүгедектікке алатын жәрдемақысын алып, маған беріп отырасың", деп  мені әбден төмен санап қорлады, - деп көзіне жас алды.  

Зағипа анадан еш жылулық көрмегенін, енді анасымен бірге бір шаңырақ астында тұрғысы келмейтінін айттуда. 

- Өзім өмір сүргім келеді, - деді ол. 

Абай Бегей екі жыл бойы салған зәулім үйіне көшіп барды (видео)
AMANAT»: Түркістандықтар референдумға белсенді қатысуды көздеп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу