"Дәл осы сүннеттер педофилияны ашық насихаттайды": Серік Рысжанов

Oinet.kz 23-06-2022 3939

Белгілі публицит Серік Рысжанов Арман Байтасовқа берген сұхбатында қазір айтылып жүрген сүннет-парыздың көбін адамдар дұрыс түсінбейтінін айтты. Тіпті, ол кей сүннеттердің педофилияны ашықтан ашық насихаттап жатқанын да айтып өтті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Бұл сүннет барша мұсылман әлемінде қабылданған "Сахих әл-Бухариде" де, өзге де дереккөздерде бар. Айшаның айтуынша, ол Мұхаммед пайғамбарға 6 жасында тұрмысқа шыққан. Ал 9 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түсе бастаған. Яғни дәл осы сүннеттер педофилияны ашық насихаттайды", – деп мәлімдеді ол. 

Серік Рысжановтың айтуынша, қазір қыздар 12 жаста кәмелетке толады деп айтылып жүр. Ал Қазақстан мешіттерінде еш кедергісіз жас қыздарды үлкендермен некелестірген жағдайлар болған.

"Біздің Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, біздің Әбу Ханифа мазхабы мұның тым шектен шыққандығын түсінеді. Қазір қыздар 12 жастан кейін кәмелетке толады деп айтылып жүр. Дәл осы себепті мұсылмандар қыздарға 12 жастан бастап орамал тағуды міндеттейді. Сондықтан бізде Қазақстан мешіттерінде еш кедергісіз жас қыздарды үлкендермен некелестірген жағдайлар болған. Бұл біздің заңға қайшы", – деп мәлімдеді ол. 

Публицист Құранда қыздарға етеккірі басталған соң және ақыл тоқтатқаннан кейін ғана тұрмысқа шығуға рұқсат берілетіні жазылған дейді. 

"Балиғат" дегеніміз етеккірі басталған уақыт, дегенмен мұнда тағы бір нәрсе бар. Яғни қыз ақыл тоқтатуы керек. Енді 14 жаста қыз ақыл тоқтата ма, ақылы толыға ма? Әрине, жоқ. Қыз өсіп, белгілі білім алған соң ғана ақылы толығады, ақыл тоқтатады. Біздің жағдайымызда мектеп бітіріп, 18 жасқа толған қыз ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратады. Ал біздің мүфтият орта ғасырдағы ережелерді ұстанады", – деп түсіндірді публицист. 

Түркістанда орта жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды
30 млрд теңге қарыз: министрлік ұстаздардың ақысын төлей алмай отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу