Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
23-04-2025
Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады.
"07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.