Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады

Oinet.kz 14-07-2022 489

Screenshot_18.jpg

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, жанармай құю бекетінің алдында  белгісіз ер адам оны ұрып-соққан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Полиция қызметкерлері бұзақылық жасаған ер адамды ұстау үшін жүйелі жұмыстарды жүзеге асырды. Олар көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде  бұзақылық жасаған ер адам оның ауылдасы болып шықты. Яғни ауылдас 2 жігіт жанармай құю бекетінің алдында сөзге келіспей, жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісін ұрып-соғып, оқиға орнынан  қашып кеткен. Бұл оқиға толығымен жанармай бекетінің сыртында тұрған бейнекамераға жазылған. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға адамдар арасындағы түсініспеушілік кезінде сабыр сақтауға шақырады. Әрбір әрекет үшін заң алдында жауап беретінді де үнемі еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Шетелден арзан бағада зат әперемін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Сіздер күнәһарсыздар! - Баян Мақсатқызы гомосексуалдарды қолдап, оларды қорғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу