Сіздер күнәһарсыздар! - Баян Мақсатқызы гомосексуалдарды қолдап, оларды қорғады

Oinet.kz 15-07-2022

"Базз Лайтер" мультфильмі Қазақстанда көрсетілмейді. Бұл жаңалыққа белгілі продюсер Баян Алагөзова аса қуанышты емес. Ол зайырлы елде барлық ориентация өкілдеріне құқық теңдей берілу керек деген пікірде. 

Screenshot_1.jpg

"Кешіріңіздер, мен де уағыз айтып, үздіксіз өзінің діни көзқарасын елге таңатын адамдардың парақшасынан шығып кеттім, ол менің таңдауым ғой. Құдайға тыныш қана сеніп, дұға ету керек. Оған насихат керек емес, ол сіздердің Сенім жайлы көрсетілімдеріңізге мұқтаж емес. Сіздер де басқалар сияқты күнәхарсыздар. Онда бұл мультикті мен көремін бе, жоқ па, неге сіздер шешесіздер? 

Мен "әзірге" зайырлы мемлекетте тұрамын, дәстүрлі емес ориентация өкілдерімен доспын және араласып тұрамын. Шоу-бизнес пен сән әлемінде олар көп болып шықты, олар керемет адамдар, өз істерінің мамандары (ал денелері - өз істері).

Мен қолдамаймын, бірақ қарсы да емеспін. Мен барлық адекватты адамдарға орын табылатын зайырлы елде тұрамын. Біз адам табиғатын өзгерте алмаймыз. Мұндай адамдар әлемде тұрып жатқан халықтың төрт пайызын құрайды. Олар әркез болған, бар және бола береді. Сіздер немен күресіп жатсыздар? Ақиқатпен?" - деп жазды Мақсатқызы Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев "Базз Лайтер" мультфильмінің Қазақстан аумағында көрсетілмейтінін мәлімдеді.
Дереккөз: Stan.kz

Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады
Қазақстанда жағдай 90 градусқа өзгереді, теңге жойылады - Атақты көріпкел


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×