«Ұрлықшы болуы мүмкін»: Ақмолада алтын өндіретін шахтадан ер адаимның мәйіті табылды

Oinet.kz 23-07-2022 813

Ақмола облысының Бестөбе алтын өндіру шахтасында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады "Алтыналмас" компаниясы. 

Screenshot_1.jpg

Болжам бойынша ер адам заңсыз алтын іздеуші болуы мүмкін. Мәйіт жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған вагонының жанынан табылған. Көз жұмған адамның кім екені анықталды. Ол Бестөбе елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Шахтада жұмыс істемеген.

Компания хабарлауынша, Бестөбе алтын өндіру шахтасы бір жылдан бері жұмысын тоқтатқан. Оған себеп - шахтаның төменгі бөлігін жерасты сулары басқан.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Денсаулық сақтау министріне ризашылығын білдірді
Калифорния жағалауында кит екі әйелді жұтып қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу