Алматы облысында атыс болып, екі адам жарақат алды (видео)

Oinet.kz 23-07-2022 938

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Атыс жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған, кейін полиция бұл деректі растады. Полицейлердің мәліметінше, орталық ауруханаға 18 және 30 жастағы тұрғындар жеткізілген.  

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауданда атыс түнгі уақытта болған. 

"Бұл дерек полицияда тіркелді және соталды тергеу жүріп жатыр. Бүгінде полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Иссык | Енбекшиказахский район (@kris_p_issyk)

Түркістанға іссапармен келген Денсаулық сақтау министрі бірқатар кездесулер өткізді
Аспандағы қызғылт жарқыл тұрғындардың үрейін ұшырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу