Түркістан полицейлері вахталық жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Oinet.kz 09-08-2022

Screenshot_2.jpg

Қазіргі таңда облысымызда қылмыстың өршіген түрі ол - алаяқтық қылмысы. Сондықтанда облыс полицейлері әккі алаяқтардың жолын кесіп, қылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында  жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Мәселен Түркістан  қаласында орын алған кезекті алаяқтық жайты ашылды. Яғни Түркістан  ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Оның айтуынша, танысы вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 100 000 теңге қаражат алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Хабарлама бойынша Түркістан полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні  анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сайрамда жас әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арызданды
Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×