Құрылысқа қажетті заттар жымқырған ер азамат ұсталды

Oinet.kz 15-08-2022 397

Screenshot_1.jpg

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйінің ауласына  түнгі уақытта белгісіз біреулер кіріп, темірден жасалған құрылысқа қажетті заттарды   жымқырып кеткен. Аталған жайтты полицейлер  ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркеді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер жедел іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлер үзіліссіз барлық темір қабылдайтын орындарды қарап шықты. Осылайша сақшылар  күдіктінің ізіне түсті.  Оның жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті ер азамат жәбірленушінің көршісі   болып шықты. 

Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп темірлерді жымқырған. Бүгінде ұрланған темірлер  айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

67-дегі ер адам 8 жасар қызға сексуалды қысым көрсеткен, алайда іс түлкібұлаңға салынуы мүмкін
4 000 000 теңгеден астам шығын келтірген бақташы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу