«Мектепке жол - шекарасыз жақсылық»

Oinet.kz 22-08-2022 546

Screenshot_1.jpg

Ордабасы ауданында Республикалық «Мектепке жол - шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы өтті. Темірлан ауылының  орталық алаңында таңнан бастау алған іс-шарада мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілер мен сатушылар, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды. 

Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 3248 балаға 37300 теңгеден бөлінді, одан бөлек ауданға қарасты дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан 700 ден астам балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты  оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болмақ.

Бүгінгі жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының сауда орталықтарынан, сондай-ақ,  аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. тауарларын 10-15 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. 

Аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданымыздың барлық ауыл окургтерінде жалғасын табады.

Қызылордада жасөспірім терең құдыққа құлап кеткен сәбиді құтқарып қалды
Флорист рассказала, как ухаживать за цветами в шляпной коробке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу