Полицейлер заңсыз оқ-дәрі сақтаған тұрғынды анықтады

Oinet.kz 31-08-2022 396

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысы көлемінде «Қару» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, қарудың заңсыз айналымымен айналысатын адамдарды анықтау болып табылады.

Осы тұста Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жұмысының нәтижесінде, заңсыз қару сақтаған жергілікті тұрғын анықталды. Яғни полицейлер тұрғынның үйін тінту барысында, жатын бөлмедегі сөмке ішінен заңсыз 2 дана оқ-дәріні тәркілеп алды. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз емдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеуге алды. Айғақты зат ретінде алынған оқ-дәріге сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері мұндай шаралардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын ескертеді. Сонымен қатар тіркелмеген қаруларыңыз болса полицияға тапсыруға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда
23 жылдан бері қызыл паспортпен жүрген 69 жастағы қарияға жаңа құжат табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу