Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен сызылуы мүмкін

Oinet.kz 07-09-2022

Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен алып таастауды ұсынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында осындай тармақ бар.

"1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді, мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелер тізбесінен алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары, әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады", – делінген құжатта.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өтті
«Машинаның іші қанға толы»: Шымкентте күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің ісі әділ шешіле ме?


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×