«Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын» - Сыртқы істер министрі

Oinet.kz 14-09-2022 667

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға Қазақстаннан бітімгерлер жіберу мәселесі әзірге қарастырылып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында журналистер министрден қазақстандық бітімгерлерді Арменияға жіберу мүмкін бе деп сұрады. 

"Қазір мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді.

Ол Әзербайжан мен Армения арасындағы шекара делимитацияланбаған, демаркацияланбағанын атап өтті. Сол себепті шекараның бұзылғаны туралы айту қиын көрінеді. 

“Қазір басты міндет армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен комиссияның жұмысын жандандыру керек. Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын", - деді Тілеуберді.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ бас хатшысы екі елдің шекарасына барып, жағдайды бақылап, мемлекет басшыларына хабар береді.

Түркістан облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім бар
Artsports бағдарламасының жаттықтырушыларының он үші бұрын сотталған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу