«Өздері арандатады» - Депутат педофилизмнің көбеюіне оқушылардың қысқа белдемше кигені себеп дейді

Oinet.kz 14-09-2022 770

Қырғызстан парламентінің депутаты Ақбөкөн Таштанбеков оқушы қыздарды тым қысқа юбка кигені үшін айыптады. Ол соның салдарынан қыздардың педофилдердің назарын өздеріне аударатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 24kg порталына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

"Ғаламторда зорлық-зомбылық фактілері бойынша көптеген ақпараттар тарауда. Сондықтан учаскелік полиция қызметкерлері мектепке келіп, мектеп формасын қадағалай алады. Жақында бір оқу орнына бардым. Кейбір оқушы қыздар өте қысқа юбка киген. Менің ойымша, кейде қыздардың өздері арандатады. Қарапайым адам оны байқамай өтіп кетуі мүмкін. Ал педофилдердің мұндай қыздарға бірден көзі түседі", - деді депутат.

Парламенттің Құқықтық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің отырысында мұндай әңгіме Қадамжай ауданында 14 жастағы қыздың өліміне қатысты атышулы оқиғадан кейін болған.

Уәкіл Атыр Әбдірахматова елдің құқық қорғау органдары көп жағдайда оның басынан өткен оқиғаға зорлық-зомбылық құрбанын кінәлайтынын айтты. Оның айтуынша, жазадан бұлтартпау қағидасы Қырғызстанда жұмыс істемейді.

"Омбудсмен институтына көптеген шағымдар түседі. Көп жағдайда тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық туралы хабарламаларды қабылдамайды. Жасөспірімдер Instagram желісінде teens.kg парақшасын ашты. Онда олар сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жасырмай айтып жатыр. Қазір біз әрекет жасап жатырмыз. Осы парақшаның редакторларымен ынтымақтастық орнатудамыз. Егер жасөспірімдер ресми түрде байланысқа шыққысы келсе, біз көмектесеміз", - деді Атыр Әбдірахматова.

Ол полиция қызметкерлерінің сот-медициналық сараптама тағайындаумен жиі ойнайтынын, содан кейін қылмыстың ауыр екенін ескеріп, ата-аналарға не пара беріп, не қорқытып, іс тоқтатылатынын атап өтті.

Artsports бағдарламасының жаттықтырушыларының он үші бұрын сотталған
«Тірі кезінде Гитлермен бір тізімге енгізу керек еді» - Иран телеарналары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу