Қостанай облысы орман шаруашылығының басшысы қамалды

Oinet.kz 15-09-2022 709

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өртіне қатысты тергеу амалдары аясында Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

“Қостанай облыстық прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады", - делінген прокуратура хабарламасында.

Сол күні мекеме басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

"Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Зеленский жол апатына ұшырады - баспасөз қызметі президенттің жағдайын айтты
Елорда атауын өзгерту үшін қанша қаражат кетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу