1 жарым жасар баласы баспалдақтан құлап кеткен ана жауапкершілікке тартылады

Oinet.kz 28-09-2022 705

Байқоңырда тойға қызу дайындық барысында қараусыз қалған қызылордалық әйелдің бір жарым жасар сәбиі баспалдақтан құлап кетті. Бүлдіршіннің жағдайы ауыр. Қараусыз қалдырған анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды, Oinet.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Оқиға салдарынан қараусыз қалған сәби ауыр жарақаттар алған.

"Баласы жарақаттанған әйел Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы ауылынан туысының тойы үшін келген. Әйел кішкентай сәбиімен көпқабатты үйдің пәтеріндегі туысына жайғасқан. Кейін той дайындығына көмектескен", - деді "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы. 

 Оқиға осы той алдындағы аласапыран кезінде болған.

"Анасы бір жарым жасар баласының пәтерден кіреберіс дәлізге шығып, баспалдақтан қалай құлап кеткенін байқамай қалған. Салдарынан бүлдіршін ауыр жарақат алған", - деді қадағалау органы.

Сәбидің анасына қатысты кешеннің құқық қорғау органдары қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеді.

"Қазір күдіктінің ҚР азаматы екендігін ескере отырып, оған қатысты қылмыстық іс одан әрі қылмыстық қудалау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", - деді "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы.

«Орынбор ешқашан қазақтың жері болған емес» - Алаштанушы
Жаңаөзенде ер адам көршісінің қызын пәтеріне алдап кіргізіп, зорлап үлгермей қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу