Жаңаөзенде ер адам көршісінің қызын пәтеріне алдап кіргізіп, зорлап үлгермей қалды

Oinet.kz 28-09-2022 1618

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған қызды азғындамақ болды деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға туралы жергілікті тұрғын айтып берген, деп хабарлайды inAktau.kz басылымы.

Screenshot_7.jpg

Әйелдің сөзінше, ер адам үшінші шағынауданда тұрады. Ол аулада жүрген 4-5 жастағы қызды алдап, пәтеріне алып келген. 

"Өзі екінші қабатта, ал қыз төртінші қабатта тұрады. Қуанышқа орай мұнда барлық пәтердің есіктері көрініп тұрады, сондықтан балалар қызды алып кеткенін көрген. Анасы қызын іздеп, аулада жоқ екенін байқаған. Бірден іздей бастаған, сол кезде балалар ер адамның алып кеткенін айтқан. Қызының дауысы мен жылағанын естіп, бірден сол пәтерге барыпты. Есікті қағып, уақытында үлгерген. Ер адам шалбарын шешіп, қызды да шешіндірген. Зорлап үлгермепті", – дейді әйел. 

Маңғыстау облысы полиция департаменті мен Жаңаөзен прокуратурасы бұл оқиға туралы пікір білдіріп, оқиғаның 18 қыркүйекте болғанын айтты. 

"Жаңаөзен полициясының кезекші бөліміне 12:30-да ер адамның қызға тиіскені туралы хабарлама түскен. Ақпарат бойынша жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнында 47 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек Жаңаөзен қаласы полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптама тағайындалды", – делінген ведомство хабарламасында. 

1 жарым жасар баласы баспалдақтан құлап кеткен ана жауапкершілікке тартылады
Үкіметке не жазып ек соншалықты?! - Зайытов Тоқаевқа Дат жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу