Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

photo_125361.jpg

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шәмшидинованың айтуынша, білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

"Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге. 

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова.

Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойы өтті
  • Әбдірахымов, әлде Сауранбаев ... Есеп комитеті Шымкенттен қаржылық кемшіліктер анықтады
  • Адалдық - әділдіктен басталады
  • Кредит тағы кешірілетін болды
  • Тоқаевтың Қырым туралы сөзінен кейін Украинаның СІМ Қазақстан елшісін шақырды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика