Мәдениет министрі Президенттердің алдында өнер көрсетті (видео)

Oinet.kz 30-05-2019 2306

Screenshot_2.jpg

Фото Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ЕАЭО елдері президенттерінің алдында виолончельде ойнады. Елордада өткен Еуразиялық экономикалық кеңес жайында министр Facebook парақшасында жария етті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ел астанасында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, концертті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова басшысы Игорь Додон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ТМД Атқарушы комитеті төрағасы Сергей Лебедев тамашалаған.

"Сүйікті аспабым - виолончельді қолыма алып, РФ Халық әртісі Сергей Ролдугин басқарған виолончельшілер ансамблімен өнер көрсетіп, француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың атақты "Аққу" хореографиялық миниатюрасын орындадық.

Бізді екі арфашы қыз сүйемелдеп, Аққу рөлін "Астана Опера" МОБТ жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева орындады. Жұрт алдында ойнамағалы біраз болып еді, мені билеген қуаныш сезімін сөзбен жеткізу қиын", - деп жазды министр.

Сонымен қатар мәдениет және спорт министрі концертке атсалысқан барлық өнерпаздарға алғыс жаудырды.

"Керемет өнері үшін барлық әртістерге шын жүректен алғыс айтамын! Қадірменді қонақтарымыз осы концерттен ерекше әсер алып, естерінде қалады деген сенімдемін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Видео мына сілтемеде

Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші
Тоқаев дарынды балалармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу