Атырау облысында мектеп асханасындағы ұннан құжынаған құрт шықты

Oinet.kz 04-11-2022 752

Атырау облысындағы мектептердің бірінде құрттап кеткен ұннан нан пісірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Исатай ауданындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектептің ата-аналары оны өз көзімізбен көрдік деп дабыл қақты. Оны мектеп аспазы да мойындайды. Видеода ұнның жарамдылық мерзімі 2017 жылы өтіп кеткені анық жазылған. Есімін атамауды сұраған ата-ана төрт баласы осы мектепте оқып, асханадан тамақтанатынын айтты. Өзі де білім ордасында қызмет етеді екен. Айтуынша, оқиға болған күні медбике келіп, асханадағы астықтан құрт шығуына байланысты акт жасауға ата-ана ретінде куә болуға шақырған. 

Ата-ана:

"Бастауыш сынып мұғалімдеріне бардым. Сіздер менімен бірге жүріңіздер балаларды тамаққа апарып жүрсіздер ғой деп. Барып қарайық ұннан деп. Сонда барғанда ұннан шықты. Бірінші елегенде шыққан жоқ. Одан кейін видео түсіріп алдым ғой. Сонда шықты. Одан кейін фотолар да бар. Фотолар фотошоп емес, конкретно шыққан. Алайда мектеп басшылығы өздері тексеріс жүргізген кезде ешқандай құрт шықпағанын айтып, азар да безер болды. Ата-аналар болса, мерзімі өтіп кеткен астықтан тамақтанған балалар ауырып қала ма деп алаңдайды. Өйткені эпидемиолог мамандар арыз түспегендіктен, жеке кәсіпкер иелігіндегі асханаға аяқ баса алмаймыз",- деп отыр.

"Аталған видеоға сәйкес тұрғындар тарапынан шағым келіп түскен жоқ. Осы орайда ҚР президентінің Жарлығына сәйкес мараториий енгізілуіне байланысты бұл кәсіпкерлік обьекті ерекше тәртіппен тексеруден босатылып отыр",- дейді Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова.

Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды
Таразда құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері арасында турнир басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу