ОСК екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды

Oinet.kz 08-11-2022 222

Screenshot_1.jpg

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымнан 2 байқаушыны аккредиттеу кері қайтарып алынды. 

«5 қараша күні ҚР Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен ұсыныс келіп түсті. Оған сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауына аккредиттелген Түркі мемлекеттері ұйымы делегациясының құрамына тиісті өзгеріс енгізу қажет. Аталған ұсыным дипломатиялық арналар арқылы Түркі мемлекеттері ұйымының делегация құрамының өзгеруіне қатысты келіп түскен өтініміне негізделеді. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымынан Хаттис Озгепан мен Додастан Орманбетованы халықаралық байқаушы ретінде аккредиттеу күшін жою, сонымен қатар олардың халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алу қажеттігі туындайды», - деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Көшпелі семинар кеңестер сериясы жалғасуда
Түркістан облысында 1 миллионнан астам сайлаушы дауыс береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу