Елордада "Қызжылаған" шығармасы сахналанды

Oinet.kz 09-11-2022 401

2022-жылдың 8 қараша күні сағат 19:00-де, «Қанаттылар» инклюзивті театры II маусымының ашылу салтанатын Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы желісінде сахналанған «Қызжылаған» премьерасымен ашты. Режиссері – Максим Абзалбек Асхатұлы.

Screenshot_4.jpg

Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы жылдар бойы театр сахналарында қойылып, маңызын жоғалтпаған өткір туынды.  Біз сахналайтын «Мәңгілік бала бейне» мен  25 жыл алдын  қойылған «Мәңгілік бала бейне» арасы дәстүр мен жаңашылдық, жаңашыл режиссерлік шешіммен ерекшеленеді. Семей полигонынан мүгедек болып, өспей қалған қыз тағдыры. Ләйләның ашшы, аянышты тағдыры арқылы қазақтың бойына біткен мінезін, қазақтың басындағы қасіретін бере алған ұлы шығарма. Денесі мүгедек болса да санасы сау, жаны таза Ләйлә – Құмар есімді жігітке ғашық болады. Құмар Ләйләның бала махаббаты. Өспей қалған бойынан, ұзын саусақтарынан қымсынған, күнәсіз қыз «Қаттылық бер жаныма. Сақта... Сақта мені. Ессіз ғашықтықтан, жүйрік сезімнен сақта. Махаббатымды да үзіп алып, мүгедек етіп жарала. Кейіпім де мазақ, махаббатым да мазақ. Аямаңдар мені!», - деп жарық Айға мұңын шағады. Ядроның кесірінен қазақтың тұтас ауданы ауру болып, әйелдері мүгедек бала туады. Сахналық қойылым – халқымыз басындағы шешілмейтін қасірет, жарты ғасыр алдынғы құндылықтың құнсызданғаны, адамгершіліктің қай дәуірде де адам жанының жауhары екені жайлы ой қозғайды. 

Screenshot_5.jpg

Қызжылаған қойылымы тілмен айтып жеткізе алмайтын сезім, шабыт пен ой сыйлаған қайталанбас спектакль. Шығармаға арқау болған өмірдегі Ләйлә, Семей қаласының тумасы – Еңлік ханым премьераға келіп, автормен, басты рөлдегі актриса Маликамен қауышты. Семейдегі ядроның әсерінен мүгедек болып өспей қалған қызды, үлкен халықтың алдында шығарып, қоғамға қосу режиссердің ең ерекше шешімі және бұл оқиға халық пен көрерменді, БАҚ өкілдерін шулатқан мәлімет болды. Қанаттылар театрының көркемдік жетекшісі, кешегі көрерменнің қошеметіне ие болып жатқан “Қызжылаған” спектакльінің қоюшы режиссері – Абзалбек Асхатұлы жаңашыл көзқарасымен, режиссерлік шешімнің ерекше терең, мағыналы болуымен көрерменді таң қалдырды. Қойылым соңында Қарауылдың сатқындығын талақ еткен Ләйлә ең жоғарғы биіктікке бір қолымен тартылып, айға ұшып кетеді. Бұл цирковой номер бұрын соңды қазақ театр тарихында болмаған, аяқ-қолы сау актрисалар жасай алмаған батырлық. 

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына декорация әзірлеуге және костюм тігуге, аудио және визуалды безендіруге, мультимедиялық сүйемелдеуге көмек көрсетіп, демеу болғаны үшін алғыс білдіреміз.

Тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істейді!
Келестік полицейлер тұрғынның жоғалған 57 бас қойын тауып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу