«Шаншар» театры жабыла ма? - Уәлибек Әбдірайымов күтпеген мәлімдеме жасады

Oinet.kz 07-10-2025 100

Белгілі әзілкеш әрі актер, «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов театр тағдыры жайлы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

«Иә, егер жастар келмесе. Менің кешегі отыз жылдықта айтқан әңгімем біз жиырма жылдықта қояйық деп ойлағанбыз. Жиырма бесжылдықты да өткіздік. Ширек ғасырды атайық, сосын қоямыз-ау дедік. Отыз жылдыққа да келдік. Сонда менің сахнада айтқан сөзім: Қояйық деп жүрміз, бірақ мына сіздер қойдыра алмай жатырсыздар. Мына келгендеріңіз үшін қоя алмай жатырмыз. Ал енді ол сиреп кетсе неге қоймайсың? Қоясың ғой. Біздің ешқандай ренішіміз жоқ. Ешқандай көрерменге де ешкімге ренішіміз жоқ. Ал енді мен кейде ойлаймын, өзің сияқты білікті мамандар айтады: Қазақ өнерінде «Тамаша» секілді тарихта қалатын болдыңыздар деп. Ұмыт қалуымыз да мүмкін», - деді Уәлибек Әбдірайымов.


«Дархан, еркек болыңыз»: Баян Мақсатқызы әріптесінің отбасылық өмірін талқылауды тоқтату керегін айт
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу