Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Oinet.kz 09-11-2022 449

Screenshot_8.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде, жүрісі күмәнді «Opеl Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішкенін анықтады. Мұны тағайындалған медициналық зерттеу де растады.

Ордабасылық полицейлер аталмыш жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Және оның бұдан алдын, яғни 2021 жылы тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен айыпты деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанын айқындады. Осылайша өзінің көлік басқару құқығы жоқ екендігіне қарамастан, қайта ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркеліп, тергеу ісі басталды.

Нәтижесінде Ордабасы аудандық сотының үкімімен егде жастағы ер адам көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Облыс полицейлері мас жүргізуші қылмыскер екенін алға тартып, мұндай қателікке бой алдырмауды қатаң түрде ескертеді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Үй құстарын ұрлаған кентаулық анықталды
Полицейлер үйіне есірткі жасырған жергілікті тұрғынды анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу