Байден Польшаға құлаған ракеталар Ресейдің қолымен жасалмағанын айтты

Oinet.kz 16-11-2022 466

АҚШ президенті Джо Байден Польшада құлаған ракетаны Ресей жіберді деген пікірді жоққа шығарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі DW сайтына сілтеме беріп.

Screenshot_5.jpg

Байден Польшадағы екі адамның өмірін қиған жарылыстан кейін НАТО және G7 басшыларымен шұғыл келіссөздер жүргізді. Кездесуден кейін АҚШ президенті Польшадағы тергеуді қолдау туралы келісім орнағанын айтты.

Америкалық барлау өкілі ракеталар Ресейдікі болуы мүмкін деп мәлімдеді. Байден мұны жоққа шығаратын алдын ала ақпарат бар екенін айтты.

"Алдын ала анықталған ақпарат бойынша, олай емес. Мұны тергеу аяқталғанға дейін айтқым келмейді, бірақ траектория бойынша Ресейден басталмағандықтан, бұлай болуы екіталай. Бірақ көреміз", – деп жауап берді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польша билігі Украина шекарасына жақын Пржеводов қаласында екі ракета құлап, екі адам қаза тапты.

Ресей қорғаныс министрлігі Украина-Польша мемлекеттік шекарасына жақын нысандарға соққы бермегенін мәлімдеді.

​Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК
Полицейлер таныстарының атынан жасырын несие алған жас әйелді анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу