Екібастұздық 50 бала қысқы демалысын Түркістанда өткізеді

Oinet.kz 04-01-2023 583

Screenshot_2.jpg

Екібастұздық 50 бала қысқы демалысын Түркістан облысындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізеді. «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан игі шара республика көлемінде бастау алды.

Бүгін мектеп оқушылары және  оларды сүйемелдеушілер Түркістан өңіріне келіп жетті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов, жауапты мекемелердің өкілдерінен Клара Оспанова және Бегайдар Тойлыбаев теміржол вокзалынан күтіп алу шарасына қатысты.

- Жуырда ғана партияның Төрағасы Ерлан Жақанұлы Түркістан облысына жасаған сапарында мәлімдеме жасаған болатын. Екібастұздағы төтенше жағдайда зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек қана емес, балаларға да жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Біздің өңірге таңдауы түскен 50 бала, олармен бірге келген 6 сүйемелдеуші және 1 дәрігер Төлеби ауданында орналасқан “Бәйшешек” демалыс аймағына орналастырылды. Жалпы 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қамтылып отыр. Балалар 11 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады. Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесіне де саяхат жасау жоспарлануда. Партияның бұл бастамасы балақайларға ерекше серпін сыйлайтыны анық, - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Көтеріңкі көңіл-күйге ие болған мектеп оқушылары таулы аймақтың табиғатына тамсанып, ойын-сауыққа бірден кірісті. Ал 8-сынып оқушысы Әмина Керімқұлова Түркістандағы тарихи орындарға саяхат жасауға асық.

- Екібастұз қаласынан Түркістан облысындағы лагерге келгеніме қуаныштымын. Өзімді жайлы сезіндім. Пойызда достарыммен бірге ойындар ойнап, әңгімелесіп, уақытымыз қызықты өтті. Басқа мектептің оқушыларымен де танысып, достасып кеттік. Түркістан - әртүрлі кесенелерімен, мұражайларымен танымал. Ата-әжеммен бірге бұған дейін келгенмін. Бірақ кішкентай болған соң есімде сақталмаған. Сондықтан қазір осындай мүмкіндік бергендеріне ризамын, - деді ол. 

Сауықтыру лагеріндегі іс-шараларды үйлестіруге партияның аймақтық филиалы, облыс әкімдігі және оған қарасты білім, спорт, денсаулық сақтау басқармалары атсалысуда. Жалпы республика бойынша 1300 мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Интернет-магазин FR Group ждет
Мощности канализационно-очистных сооружений шымкента расширят
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу