Қазақстанда дәрігер мен мұғалімді балағаттағандардың жазасы ауыр болады

Oinet.kz 28-01-2023 1484

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Мұқанованың сөзінше, қоғамдық орындарда боқтағаны үшін 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қолданыла бастайды.

Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.

Сондай-ақ, вице-министр дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тіл тигізгені үшін айыппұл екі есе көп болатынын атап өтті.

«ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында балағат сөзді отбасында айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал мұғалімге немесе дәрігерге бағытталған боқтық сөз үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған», — деді ол.

«Оқушы телефонның кесірінен өзіне қол салған»: Шымкентте балалар арасындағы суицид көбеюде
Қайта құру және түрлендіру: не істеуге болады, не істеуге болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу