Зеленский: Мәскеуден нақты жауап күтеміз
23-04-2025
Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Азамат Есқараев 1979 жылы Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
2000-2005 жылдары ҚР Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы.
2006-2007 жылдары – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері.
2007-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры.
2012-2014 жылдары ҚР ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.
2014-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Әділет министрі болып тағайындалды.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі Жарлығымен ҚР Әділет министрі болып қайта тағайындалды.