Р. Райымқұловтың 110 жылдығына арналған байқау. Әр жеңімпазға 500 мың теңге

Oinet.kz 06-04-2023 382

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында "Рахметолла Райымқұлов – ХХ ғасырдың көрнекті қаламгері" атты республикалық байқау жариялады.

Screenshot_1 (25).png

Байқауға қатысуға ниет білдірген жас қаламгерлер өз материалдарын 2023 жылдың 28 сәуіріне дейін ұсына алады. Байқау нәтижелері 2023 жылдың 11 мамырында шығарылады.

Қазылар алқасы құрамына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлары, журналистика және әдебиет теориясын зерттеуші ғалымдар, қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер мен журналистер кіреді. Ең үздік жұмыстар қазылар алқасы мүшелерінің отырысында іріктеледі.

Байқаудың басты мақсаты - жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиеттің беделін нығайтуға үлес қосу, балалар әдебиетін дамытуға күш салу, сондай-ақ жазушы Р.Райымқұловты өз заманының көрнекті қаламгері, тарихи тұлғасы ретінде таныту, дәріптеу.

Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

• Үздік әңгіме (еркін тақырып);

• Балаларға арналған үздік шығарма (ертегі, мысал, әңгіме, т.б.), (еркін тақырып);

• Үздік танымдық мақала (жазушы Р.Райымқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық мақала).

Байқаудың шарттары:

• байқауда 2023 жылдың 1 ақпаны мен 28 сәуірі аралығында жолданған туындылар іріктеледі;

• байқауға Қазақстанның барлық аймағындағы жоғары оқу орындары мен білім және ғылым мекемелерінің 35 жастан аспаған студенттері мен магистранттары және PhD-докторанттар мен жас ғалымдар қатыса алады;

• байқауға тек қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады;

• бір автор бір жанр бойынша ғана байқауға қатысады;

• байқауға ұсынылатын шығармалар мерзімді басылымдарда жарияланбаған, кітапқа енгізілмеген және бұған дейін басқа байқауларда жүлделі орын алмауы тиіс.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

• Көркемдік сапаның жоғары болуы;

• Тақырыптың ашылуы;

• Тіл тазалығы;

• Логикалық үйлесім;

• Ой тереңдігі;

• Мұрағаттық ақпараттардың шынайылығы;

• Жаңашылдығы.

Байқаудың әр номинация бойынша жеңімпазы 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы ретінде 100 000 теңгеден беріледі.

Жұмысты рәсімдеу талаптары:

• Байқау жұмыстары А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,15 аралықта терілуі керек;

• Байқауға ұсынылатын материалдар көлемі 7-8 беттен аспауы тиіс;

• Бірінші файлда шығарманың бірінші бетінің жоғарғы жағына шығарманың номинациясы және автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Екінші файлда автордың бүркеншік есімі және автордың толық аты-жөні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, мекенжайы, байланыс телефоны жазылуы керек;

• Байқау материалдары авторларға қайтарылмайды.

• Материалдар электронды нұсқада қабылданады.

Байқау материалдары мына электронды поштаға жіберілуі тиіс: mediaschoolalmaty2020@gmail.com.

Облыстың бас полицейі жеке құрам үшін ерекше форматта өте маңызды кездесу ұйымдастырды
Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу