Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алған

Oinet.kz 06-04-2023 327

Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_17.jpg

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуірде тапқан. Айтуынша, ол қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 сантиметр тереңдіктен алып шыққан. Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған.

Жедел-тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина, F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.

Р. Райымқұловтың 110 жылдығына арналған байқау. Әр жеңімпазға 500 мың теңге
Алматыда балаларға қара шай мен нан ғана берген балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу