Батыс Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім жүк көлігімен әкесін басып кетті

Oinet.kz 06-04-2023 865

Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім әкесін басып өлтірді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Қайғылы оқиға 4 сәуірде Ақсай қаласында 47 жастағы ер адам үйдің ауласында көлік жөндеп жатқан кезде болған.

"1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің "Газ САЗ 35071" (самосвал) көлігін жөндеген. Тормоз сұйығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тормоз тепкішін басып, өзіне көмектесуін өтінген. Бұл кезде беріліс қорабы қосулы болған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Салдарынан ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді", - делінген хабарламада.

Алматы облысында күтушінің қарауында болған 2 жасар бала қаза тапты
Балқаш әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу