«Маңдайы көгеріп кеткен»: Ақтаулық ана балабақшадағы зұлымдықты дәлелдей алмай жүр

Oinet.kz 25-09-2023 428

Жанар Бегенова 3 жасқа толмаған баласын Ақтау қаласы 9-шағын аудандағы нөмірі 29-балабақшаға тамыз айының соңында берген. Алғашқы 2 күн балаға ұнағанын айтады. Бірақ, кейін бүлдіршін тәрбиешіні көргеннен қорқып, жылайтынды шығарған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Кешке алып кетуге барғанда да жылап көріседі. Ал, бір күні маңдайы көгеріп келіпті.

"Сол күні баламды алуға барсам, маңдайы көгеріп кеткен. Құладың ба десем, басын шайқап, құламағанын түсіндіріп, "апай, апай" деп саусағымен апайын көрсетті. Тәрбиеші "далада құлаған жоқ" деп ішке кіріп кетті. Баламның дені сау, тек тілі кеш шығып келеді. Бірақ бәрін түсіндіреді. Ал осы жәйттен кейін ол күндіз-түні жылып, шошып айқайлап оянып, орындықтың астына тығылып жылайды", - дейді Әбілхайырдың анасы Жанар Бегенова.

Әйел осыдан кейін, балабақша әдіскеріне барып, топтағы бейнежазбаны көрсетуін сұраған. Бірақ директор еңбек демалысында болғандықтан, бейнежазба көрсетілмепті. Ал тәрбиеші жауап беруден бас тарқан. Сондықтан ата-ана баланы дәрігерге тексертіп, прокуратураға шағындануға мәжбүр болған. Содан кейін ғана, бейнежазба берілген. Бірақ уақыттары әр түрлі, жазба қиылған. 

"Балабақшаның басшысы мен 3-топтың тәрбиешісіне шағымданып отырмын. Бұл тек менің басымдағы жағдай емес. Осы тәрбиеші бұған дейін 7-топта жұмыс істеген. Кеше осы шағым бойынша чат құрылғанда, көптеген ата-ана арыздарын жазды. Бұл тәрбиешінің үстінен білім бөліміне дейін шағымданғандар көп екен. Бірақ нәтиже шықпапты. Мен тәрбиешінің дипломын тексеруді сұраймын", - дейді Зияда Надешова.

Зияда Надешованың айтуынша, балабақшаның басшысы ауысқалы, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі мамандар жұмыстан кеткен.

Қазір Әбілхайыр невропатолог маманның бақылауында ем қабылдауда. Балабақшаға баруды тоқтатқан.

Ал, Ақтау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қазір тексеру жүргізу мүмкін емес. Өйткені, балабақша директоры еңбек дамалысында. Мекеме басшысы жұмысқа шыққанда, тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталмақ.

Түркияда жол апатынан қаза тапқан журналистің балаларын атыраулық әйел асырап алды
Петропавлда ер адам қызын терезеден лақтырып жібермек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу