Ақтөбеде екі қыз жігіттерді тонап кеткен

Oinet.kz 25-09-2023 889

Ақтөбеде дәмханалардың бірінде екі қыз жігіттерді тонап кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_24.jpg

Зардап шеккен жігіттердің айтуынша, кешкі ас кезінде олардың жанына екі жас қыз келген. Екі қыздың бірі жігіттердің досы болып шығып, олармен бірге тамақтанған. Біраз уақыттан кейін жігіттер ұялы телефондарын үстел үстіне қалдырып далаға шығып, қайтып келгенде қыздарды да, ұялы телефондарын да таппай қалған. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығынды 83 мың және 180 мың теңгеге бағалаған.

"Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы күдіктілерді анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер кінәларын мойындады", - делінген хабарламада.

«Біз сендерге не істеп қойдық?»: Қазнетте такси жүргізушісінің жанайқайы талқыланып жатыр (видео)
Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу