Маймыл қонақүй бөлмесіне кіріп туристке жыныстық зорлық жасады

Oinet.kz 26-10-2023 1449

Маймыл қонақүй бөлмесіне кіріп, ұлыбританиялық туриске жыныстық зорлық жасаған. Бұл туралы жәбірленушінің достарының бірі X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter - еск.) жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Желі қолданушысы досының Камбоджаға сапары кезінде оқыс оқиғаға тап болғаны туралы айтқан жазбасын жариялады. Оның айтуынша, жастар кешке қонақүйге оралған. Олардың бірі терезені ашық қалдырған. Біртүрлі дыбыстарды естіген олар үшінші досы жатқан бөлмеге жеткен. Ұйықтап жатқан досының төсегінде маймыл отырғын. Ол ер адамның шалбарын шешіп, жыныс мүшелерін ұстап отырған.

"Олар суретке түсіріп үлгерді, бірақ маймыл оның жыныс мүшесін тістеп алмас үшін оны үркіткісі келмеді. Сондықтан олар сыртқа шығып, терезенің қасында маймыл айқайына ұқсас дауыстар шығара бастаған", - деді ер адам жазбада. Автордың айтуынша, маймыл зорлаған жігіт ұйқысынан оянған бетте үйіне қайтып кеткен. 

Бұл оқиға әлеуметтік желіде тарап кетті. 24 сағаттан аз уақыт ішінде жазба 2,6 миллионнан аса қаралым жинады. 

«Төрт баланың денесі табылды»: Аягөзде қайғылы оқиға орын алды
Абай облысындағы 4 баланың өлімі: Бас прокуратура пікір білдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу