Батыс шенеуніктері Украинадағы соғыс 5 жылға созылады деген болжам жасады

Oinet.kz 15-11-2023 174

Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты бақылап отырған батыстық шенеуніктер соғыстың 5 жылға дейін созылатынын айтып, болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Economist басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екі тараптың да шегінер түрі жоқ. Бұлай жалғаса берсе олардың шеті мен шегі жоқ тығырықтан шығуы да екіталай деп есептейді батыстық шенеуніктер.

Басылымда Израиль мен Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысы арасындағы соғыс Таяу Шығысқа кеңінен тарау қауіпі туралы және 1945 жылдан кейінгі Еуропадағы ең ірі әскери қақтығыс болып саналатың Украинадағы соғыстың әлі аяқталмайтыны жайлы жазылған. 

Сондай-ақ Тайваньға қауіп төндіретін қытайлық ұшақтар мен кемелердің саны барғаны сайын артуда. Соңғы уақытта Мали, Мьянма және Судандағы азаматтық қақтығыстар да ушығып барады.

Басылымның мәліметінше, АҚШ барлау қызметінің өкілдері мен олардың азиялық әріптестері Қытайдың Тайваньға шабуыл жасау қаупі осы онжылдықтың соңында ең жоғары шегіне жетеді деп есептейді. 

Егер Бейжің Тайваньды бұл уақыттан бұрын күшпен қайтарып алса, онда мұндай сценарийге дайын болмауы мүмкін. Егер мұны кейінірек жасаса, онда демографиялық құлдырау мен батыстық әскери технологиялардың жаңа буынына тап болу қаупі бар, деп жазады журнал.

Сондай-ақ басылымда АҚШ-тің қарсыластары, оның ішінде Ресей де бар, уақыт өткен сайын жақындай түскені туралы жазылған. 

“2005-2009 жылдар аралығында Джордж Буш әкімшілігінде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші қызметін атқарған Стивен Хэдли: "Ресей, Қытай, Солтүстік Корея және Иран арасында олардың Америка басқаратын халықаралық тәртіп нұсқасын жоққа шығаратын шектеу бар", - деді.

Басылым ақпан айында Еуропалық халықаралық қатынастар кеңесі жүргізген сауалнамаға сәйкес, орыстар мен қытайлардың 61%-дан астамы, сондай-ақ түріктердің 51%-ы және үнділердің 48%-ы әлем көпполярлық жүйеге немесе "Қытайдың үстемдігіне" өтеді деп санайды.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак  Вашингтондағы Гудзон институтында өткен шарада 2024 жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс өз шешімін табатынын айтты. Оның айтуынша, Украина әскері қарсы шабуылды тоқтатпайды. Ал Ресей президенті Владимир Путин өз кезегінде Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы "сәтсіз аяқталды" деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Соңғы уақытта Ресей мен Украина арасындағы ықтимал келіссөздердің тақырыбы Батыста жиі көтеріле бастады. Атап айтқанда, Франция президенті Эммануэль Макрон келіссөз жүргізуге мүмкіндік берді. Алайда Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба өз елінің мұндай "тұзаққа” түспейтінін кесіп айтты. 

«Светскость - наиболее оптимальная форма общественного развития» - эксперт
Инвестиции в недвижимость Абу-Даби: основные преимущества и особенности
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу