"Заңымыз еркектерге ыңғайлы жасалған": Алтынай Жорабаева билікті сынап тастады

Oinet.kz 15-11-2023 2071

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялап, билікті сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші белгілі әзілкеш, актер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқан болатын. Ол тұрмыста болған жылдарында зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтып жүр. 

“Бізде билікте отырып заң қабылдайтындар еркектер болғасын, бүкіл заң еркектерге ыңғайлы жасалған. Ащы да болса шындық. Айналада болып жатқан жайттарды шешімдеріне қарап-ақ түсіне бересің. Сол себепті ата-аналар! Қызды “ер-азаматыңды сыйла” деп тәрбиелегендей, ұлды да “қыз баланы сыйла, қорға” деп тәрбиелеу керек. Әсіресе, біздің оңтүстік жақ. Сонда ғана отбасы мен қоғамда тыныш өмір болады”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, әнші бұған дейін алғашқы некесінен зорлық-зомбылық көргенін ел алдында айтқан болатын.

“Бізді ешқашан еріңнің алдына шықпа деп тәрбиеледі. Ол тірліктен бөлек, сөзде де ол сөйлегенде сен сөйлемеуің керек. Отбасымызда өте көп жанжал, ұрыс-керіс болды. Шыдамым шегіне жеткенде сол жақ қол-аяғым істемей қалды. Сәбиттің өзгеруін 1 жыл 3 ай күттім. Ара-қатынасымыз түзеліп, шаңырағымыз шайқалмайды деп сендім. Халықтың алдында жүргендіктен, үлгілі отбасы болуға тырыстым. Бірақ нәтиже болмады. Сосын екіге ажырап кеттік. Денсаулығыма өте көп зиян келді. Қытайға барып үзбей ем қабылдап жүрдім”, – деген әнші.

"Енді қайырымдылықпен айналыспаймын". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай күтпеген жаңалығын
20 миллионыншы тұрғынның кім екені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу