«Ойыннан от шықты»: Батыс Қазақстанда 17 жасар қыз мерт болды

Oinet.kz 08-01-2024 1571

Батыс Қазақстан облысының Ветелки ауылында жасөспірімдердің қауіпті ойынының соңы қайғылы оқиғаға алып келді. Көлік  тізгініне отырған кәмелетке толмаған азамат ескі көлік капотын өз көлігіне тросс арқылы жалғап, қызды қар үстінде алып сырғанатқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“5 қаңтар күні сағат 23:41-де полицияға 17 жастағы қыздың ауруханаға жеткізілгені, ол есін жимай қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер қыз бен оның достары көлікке ескі капотты жалғап, үстіне мініп сырғанағанын анықтады. Сырғанап бара жатқан кезінде қыз газ тірегіне соғылған”, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол есін жимастан қайтыс болған.

Сондай-ақ полицейлер Орал қалалық ішкі істер бөліміне екі көліктің жеткізілгенін хабарлады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PoliceWestKZ (@policebqo)

Жетісу облысында әскерге келгеніне үш ай болған сарбаз қайтыс болды
Талантты спортшы небәрі 20 жасында қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу