Нүкенова қаза тапқан мейрамханада жұмыс істеген қызметкер видеоларды қалай өшіргендерін айтты (видео

Oinet.kz 29-03-2024 777

Салтанат Нүкенова қаза тапқан мейрамханада жұмыс істеген қызметкер сотта куәгер болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_38.jpg

Ол қылмыс болған күн туралы айтып берді. 

"9 қарашада таңғы сағат 10-да жұмысқа келдім. Кабинетке келіп, ноутбукты аштым. Менің жұмысым жалға алушылармен кездесу болатын. Әдеттегідей жұмысымды істеп жүрдім. 12.00-13.00 шамасында мейрамхананы аралап шығамын. Сол күні 13.00-де мейрамхананы аралап шықтым, бірінші қабатта бәрі жұмыс істеп тұрды. Екінші қабаттағы БАО мейрамханасы жұмыс істемей тұрды. Әкімшіден неге ашылмағандарын сұрадым. Әкімші оларда санитарлық күн екенін айтты. Мен жақсы деп өз жұмысыма кірістім", - дейді куәгер. 

Сол күні 14.00 шамасында әкімші келіп, Бақытжан Байжанов (Бишімбаевпен бірге сотта күдікті ретіндегі адам) хабарласып, бейнекамерадағы видеоларды өшіруді сұраған. 

"Бүкіл гастроорталықтағы видеоны өшіруді сұрады. Артынан Бақытжан Байжанов та келіп видеоларды өшіруімді сұрады. Не үшін өшіру керегін нақтыламадым", - дейді куәгер. 

Мейрамхананың бұрынғы қызметкері шамамен 15 минуттай сервер кабинетінде болып, видеоларды өшіріп, шығып кеткен. 

"Видеоларды көрген жоқпын. Мен диспетчерлік кабинеттен шығып, кілтті әкімшіге беріп, кеттім", - дейді куәгер.  

14-қабаттан секірмек болған: күзетшіні көлігімен езіп өлтірген ер адамға қатысты мән-жай белгілі бол
Ақтөбеде учаскелік полицей су басқан аумақтан тұрғындарды арқалап алып шыққан (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу