Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап өлтірген

Oinet.kz 23-04-2024 765

Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақталған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмған. 

«Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, қаскүнем балкон арқылы кіріп, қызды пышақтаған.

Қаза тапқан қыз - эндокринолог-дәрігер, 9 жыл медицина мамандығына оқыған. Ол еңбек демалысында болған.

Сенсационная победа «Жетысу» и возвращение Рамазана Оразова в «Актобе»
Бишімбаев әйелі Нүкенованың көңілдесі болуы мүмкін деген Баталов алғаш рет жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу