«Гүл қою рәсіміне шақырды»: Әскери парадқа кіргізбей қойған арадегерден Астана әкімдігі кешірім сұра

Oinet.kz 08-05-2025 509

Астанада әскери шеруді көруге келген тыл ардагерін шараға кіргізбей қойған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_7.jpg

Ардагерді шараға күзетте тұрған әскерилер кіргізбеген. Мұны көрген желі қолданушылары ардагерлерсіз әскери шеру өткізудің мәні жоғын жеткізді. Олар “Парадта бүкіл блогер отырды. Ал мұнда ардагерді кіргізбей тұр”, “Динара Сәтжан күйеуімен төрде отырды. Атаға орын табылмай қалды ма?” деп жазды.

Бұл кісі қазақтан шыққан алғашқы нейрохирург Теңдік Изақов болып шықты. Қазір 97 жаста.

Аталған жағдайдан соң Астана әкімдігі ардагер мен оның отбасынан кешірім сұрады. 

Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл ардагері, профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін алаңға кіргізбегендері үшін кешірім сұрады.

Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылыпты. Орын санының шектеулі болуын, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленген көрінеді.

Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ.

Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады.

Сонымен қатар, Теңдік Изақов 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды.

Адвокат Шерзат Полат ісі бойынша шығарылған үкім қазақстандықтарға ұнамауы мүмкін екенін айтты
Астанада «Шапағат» сауда үйінде ондаған бутик өртенген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу