Астанада «Шапағат» сауда үйінде ондаған бутик өртенген

Oinet.kz 08-05-2025 109

Астанада «Шапағат» сауда үйіндегі өрт толығымен сөндірілді. Салдарынан 10-ға жуық бутик өртенген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_9.jpg

Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндіріліп, одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 400 шаршы метрді құрайтын 10-ға жуық бутик өртенген.

ТЖМ мәліметінше, жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда. Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 71 адамы және 20 бірлік техника жұмыс істеді, - делінген мәліметте.

«Гүл қою рәсіміне шақырды»: Әскери парадқа кіргізбей қойған арадегерден Астана әкімдігі кешірім сұра
АҚШ-қа Алматыдан 70 мың шаршы метр жер беріледі: заңды сенаторлар мақұлдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу