Қазақ баласы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Oinet.kz 21-05-2025 105

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны 9 елдегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Айсұлтан Алтынбек – Абай атындағы Білім-инновация лицей-интернатының түлегі. Білім ордасы шәкіртінің жетістігін мақтанышпен хабарлады.

Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер тізімі:

 • Budapest University of Technology and Economics;

 • Eötvös Loránd University;

 • University of East London;

 • Albion College;

 • Hampshire College;

 • Drexel University;

 • DePaul University;

 • CU Boulder (University of Colorado Boulder);

 • Drake University;

 • Temple University.

Бұл – жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер.

Айсұлтанның жалпы иеленген гранты – 4 614 000 доллар.

«Сақалды. Діндәр. Ұстаз»: Тоғыз балалы ер адамның әйелін күнде азаптайтыны видеоға түсіп қалған (ВИД
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу