«Кәуап пісіретін шампур тыққан»: 11-сынып оқушыларының мектеп бітіру кеші кісі өлімімен аяқталды

Oinet.kz 24-05-2025 2088

Алматы облысында мектеп оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. 

Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

"Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты", – делінген полиция есебінде.

Сыныптасын өлтірген оқушы бірден ұсталды.

”Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінегн хабарламада. 

Полиция білім басқармасына өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолдады.

"Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Департамент.

Қазақ баласы әлемнің 86 университетінен шақырту алды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу